
Білім беру ұйымының толық атауы: Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрбөбек» мектепке дейінгі ұйымы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Құрылтайшы: Ақтөбе облысы әкімдігі.
Меншік нысаны: Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ селосы, Самырат көшесі №22/1.
Ашылған жылы: 25.12.2009 жылы.
Қызметкерлер саны: 23 адам.
Бар құрылымы: Мектепке дейінгі ұйымының меншік иесі құқығына иелік ететін төлқұжаты бар. Техникалық төл құжаты бойынша ғимарат 1975 жылы салынған. «Нұрбөбек» мектепке дейінгі ұйымы 25.12.2009 жылы ашылған. «Нұрбөбек» мектепке дейінгі ұйымы МКҚК-ы бір қабатты бейімделген ғимаратта орналасқан. Жалпы алаңы -186 шаршы метр, үй- жайлар бөлмелер саны -13. Жылыту жүйесі су ысытқыш қазандығы, қатты отын арқылы жылынады. «Нұрбөбек» мектепке дейінгі ұйымында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады. Мектепке дейінгі ұйымында аптасына 5 күн жұмыс жасайды. Жобалық қуаттылығы 25 орынға арналған, 1 топ. Қазіргі таңда 25 бала тәрбиеленуде, 2-5 жас аралығындағы балалар қабылданады. Аралас топ. Күн тәртібі бойынша балалар 3 мезгіл тамақтандырылады. Мекеменің қауіпті жағдайларда эвакуациялау жоспары ғимарат ішінде белгіленген. Ғимараттың сыртында 3 дана бейнебақылау камерасы және ішінде 8 дана бейнебақылау камерасы орнатылған.



